Алыс өлкелерде, бір шағын қалашықта жесір әйел жалғыз ұлымен тұрып жатты. Олар өте кедей болды, бір амалдап өлместің күнін көріп жатты. Олардың үйлері бір бөлмелі, төрт қабырғасы, бір ағаш есігі бар, бірақ төбесі жабылмаған үй еді. Әсіресе қыс кезінде кішігірім жаңбырлар жауып өткенде ыңғайсыз болатын. Баласы туылғанына төрт жыл өтсе де, құрғақшылық болып, жаңбыр дұрыс жаумайтын. Жесір әйел мен жетім баланың жағдайына қарасқандай, жәй жеңіл-желпі жауын себелеп өтетін. Бірде қала аспанын қара бұлттар қаптады. Ымырт үйіріле салысымен, қалада қатты жаңбыр жауды. Барлық адамдар өз үйлеріне тығылды. Ал жесір әйел ұлымен бірге ауыр жағдайда қалып кетті. Бала анасына қорқыныш толы көздерімен қарап, оның құшағына тығыла берді. Бірақ анасының өзі де су-су болған еді. Амалы қалмаған әйел, бар күшімен есікті жұлып алып, қабырғалардың біріне сүйеп, оның астындағы панаға баласы екеуі жасырынды. Осылай олар күшті жауыннан қорғанды. Бала анасының көздеріне бейкүнә, қуанышты көздерімен қарады да: - Қызық, қазір есігі жоқ байғұс адамдар не істеп жатыр екен?.. - деп сұрады. Осы бір сәтте бала өзін дүниедегі ең бай адам сияқты сезінді... Алланың саған бергеніне қанағат ет, сонда сен әлемдегі ең бай адам боласың.

Теги других блогов: өлкелер жалғыз әйел жетім бала